Елде 5 мыңнан аса мұғалім керек
Елге 5 мыңнан аса мұғалім керек. Халық саны артқан сайын сапалы мамандарға мұқтаждық қатар өсіп келеді.
Президент оқу-ағарту саласындағы кадр тапшылығын жойып, ұстаздардың біліктілігін көтеруді тапсырды. Бұл бағыттағы жұмысқа басымдық берілгенін де терістеуге болмас. Биыл 12 мыңнан артық түлек педагогикалық мамандық бойынша мемлекеттік грант иегері атанды. Олардың 2 мыңнан астамы – мектепті «Алтын белгімен» бітіргендер. Әйтсе де, кадр мәселесін түпкілікті шешу үшін әлі де біраз шаруаны ширату керек. Қасым-Жомарт Тоқаев салалық министрлікке тың тәсілдер ұсынуды жүктеді.