Қала мен ауыл арасындағы білім алшақтығы азайып келеді

Мемлекет басшысы ұстаздар алдындағы мызғымас ұстанымын айтты.

«Ұстазды қадірлей білу – өркениетті қоғамға тән қасиет. Біз ұлт сапасын арттырамыз десек, бірінші кезекте мұғалімдерге барынша қолдау көрсетуіміз керек»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Олардың еңбегі өлшеусіз. Ауыл мектебінен шыққан республикалық олимпиада жүлдегерінің саны 10 есе ұлғайғаны соны айғақтайды. Былтыр оқушылар 30-дан аса беделді халықаралық олимпиада мен ғылыми жобаға қатысып, мыңнан артық медаль жеңіп алды. Осылайша, қала мен ауыл мектебіндегі білім сапасының алшақтығы айтарлықтай азайып келеді. Бірақ тоқмейілсуге болмайды. Алда әлі толымды істер көп,-деп түйіндеді ойын Президент. 

Сондай-ақ оқыңыз: