Қазақстан мен Сингапур су ресурстарын басқару саласында келісім орнатты

Қазақстан мен Сингапур су ресурстарын басқару және Орта дәлізді дамыту саласындағы келісімдерге қол қойды. 

Құжаттар сала бойынша Сингапурмен тығыз тәжірибе алмасуды көздейді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов пен Сингапурдың аға министрі Ли Сянь Лунмен өткен кездесу барысында белгілі болды. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Әлеуетті бағыттардың ішінде агро-өнеркәсіп және көлік-логистика кешені, цифрландыру, жасанды интеллект салалары айтылды. Биылғы алты айда тауар айналымы 777 млн долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 жарым есеге ұлғайды. Олжас Бектенов пен Ли Сянь Лун сауда-экономикалық серіктестікті одан әрі нығайтуға және қол жеткізілген уағдалас-тықты жүзеге асыруға келісті. 

Сондай-ақ оқыңыз: