Елде жұмыспен қамту деңгейі артып келеді
Елдегі еңбек нарығында жұмыспен қамту деңгейі артып келеді. Биылғы екінші тоқсандағы зерттеудің нәтижесіне сәйкес, экономиканың түрлі саласында 9 млн-нан астам адам қарекетпен қамтылған.
Олардың 7,3 млн-ы жалдамалы жұмысқа орналасса, 2 млн-ы өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен. Екі қолға бір күрек тапқандардың ең жоғары үлесі сауда саласына тиесілі. Кейін білім беру бағыты жүреді. Үшінші орында өнеркәсіп тұр. Оған азаматтардың 12,4 пайызы еңбекке тартылған. 10,5 пайыз ауыл шаруашылығы, 7,1 пайыз көлік және қоймалау, 6,8 пайыз құрылыс, 6,6 пайыз денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету салаларына тиесілі.