Ақтаудағы катер апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтауда катер жартасқа соғылып, екі адам көз жұмды.

Оқыс оқиға 5А шағын ауданның тұсындағы жағажайда болды. Демалушыларды серуендетуге шыққан су көлігінде 7 адам отырған.  Апат орнына жеткен құтқарушылар 5 адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ал құтқару кеудешесін кимеген 2 адам суға кетті. Олардың денесі жағалаудан 500 метр қашықтан табылды.  Қазір  үш науқас жансақтау бөлімінде, бір адам травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. 30 жастағы азамат амбулаторлық емнен кейін үйіне жіберілді. Апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бақытжан Үсенов, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

- Жазатайым оқиға орын алған жерде департамент тарапынан 35 қызметкер, 4 қайық және бірнеше техника жұмыс жасады. Екі адам табылды. Осы уақытқа дейін ескертулер жүргізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде осы қайық иелері мен қайық басқарушыларына. Үнемі қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырудамыз.

Сондай-ақ оқыңыз: