Елімізде несие алудың ережелері өзгереді
Банктер кредитті бермес бұрын тұтынушының мүмкіндіктерін жіті зерттеуі керек.
Қарыз алудағы мақсатынан бастап, шығындары, табысы мен борыштық жүктемесі түгел ескеріледі. Егер адамның қажеттілігі мен қаржылық жағдайы сәйкес келмесе, қарыз беруге тыйым салынады. Оған қоса қаржы ұйымдарына да талап күшейеді. Олар жасырын пайыздар мен келісім-шартта кішкентай әріптермен жазылған комиссиялар үшін жазалануы мүмкін.
Қараша қарызға батып барады. Бұқараның басым бөлігі банкке берешек. Мақсатты несие былай тұрсын, күнделікті күнкөріске кредит алатындар көбейген.
1 сәуірдегі жағдай бойынша қаржы ұйымдары халыққа 25 триллион теңгеге қарыз берген. Ал тұтынушылық несие 10 триллион теңгеден асады. Екі және одан да көп кредиті бар борышкерлердің үлесі 76 пайыз, ал орта есеппен бір қарыз алушыға 4,5 несиеден келеді.
Банк несиелерінің көлемі — ₸25 трлн
Тұтынушылық несие — ₸10 трлн
Бірнеше несие алғандар — 76%
Алаңдатарлық дерек бұл ғана емес. Елдегі қарыз алушылардың дені жастар. Сарапшылардың айтуынша, халық үшін несие алу қарапайым дүниеге айналған. Ұлттық банкке сілтеме жасаған Тенгриньюс мәліметне сүйенсек, несие алған 30-ға дейінгі азаматтардың 70 пайызға жуығында үш және одан да көп кредит бар. Осыған байланысты экономистер дабыл қаға бастады. Бұлай жалғаса берсе, арты ауыр зардапқа әкелуі мүмкін дейді олар.
Үш және одан да көп несиесі барлардың үлесі:
24–30 жас — 68,1%
31–40 жас — 67,1%
41–50 жас — 61%
51–60 жас — 53,1%
61 жастан жоғары — 35,4%
Бекнұр Сейтжанұлы, экономист:
- Болашақта әр жасымыз сондай. қарызбен олар көпке жүре алмайды, біріншіден, олар банкротқа ұшуы мүмкін. Ондай жастар көп болса, ол экономиканы нарықтан олар шықпыр етеді, салық төле алмайды, жұмыс істей алмайды, яғни басқа несие ала алмайды және сатып алмайды, сатып алмайды, үй қожайында бола алмайды, яғни болашақта ол экономикаға пайдасы болмай кетеді. Экономикасында оның арқасында дағдарысқа кетіп қалуы мүмкін.
Несие нарығының жағдайы осындай. Ахуалы ушыққан тұтытынушылық кредитті тұсау мүмкін бе? Бұл сұраққа нақты жауап табу қиын. Бірақ әрекет бар. Жуырда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арнайы қаулы қабылдады.
Олжас Рамазанов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы – баспасөз хатшысы:
- Негізгі мақсат - қаржылық қызметтерді, тұтынушыардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту. Атап айтқанда, қаржылық өнімнің орнын әзірлеуден бастап, тоқтатуға дейінгі барлық кезеңдерде жеке тұлғаларды қорғау. Қаржы ұйымдары қаржы өнімі тұтынушыларының мақсаты, тобын анықтау, тұтынушылар үшін тәуекелдерді бағалауы, өнім шарттарының түсінікті болуын қамтамыз ету керек.
Бұл қаулының негізігі 3 артықшылығы бар. Алғашқысы — банктер кредитті оңды-солды таратуды тоқтатады. Тұтынушының мойнына қарыз іліп, тек қайтарымды талап етуге жол берілмейді. Енді алдымен, қарыз алушының төлем қабілеті қаралады. Сосын тараптар тиімді ұсынысты бірге зерделейді. Оған қоса борыштық жүктемені бағалау кезінде кірісті әдейі жоғарылатып көрсетуге жол берілмейді.
Ләззат Нұрғалиқызы, экономист:
- Бұл азаматтарға тиімді болады, ал банкте көбінесе тиімсіз болады, өйткені себебі құжат рәсімдері. Қарапайым халық үшін несие алудағы олардың мүмкіншіліктерін нақты бағалап, оған жарайды ма, оның жағдайына келеді ме, жоқ па, соны толығымен бағалап, бағдарлап барып, оған ұсынылу керек. Ал егер тап осы жаңағы өнім оған жарамайтын болса, одан да басқа жеңілдер түрін ұсыну арқылы олар несиенің басқа түрін алуға болады. Мысалға, жай ғана қарапайым отызда жетпіс немесе елуді елу, тағы сол сияқты басқа да бір пайыздық мөлшерлемелерді қымбатырақ.
Тағы бір маңызды өзгеріс − жасырын және қосымша комиссияларға қысым күшейеді. Оған қоса несие аларда қосымша қызметті күштеп таңуға болмайды. Барлық ақпарат ашық көрсетілуі керек. Сарапшылардың айтуынша, бұл өзгеріс еуростандартқа сай. Жалған жарнаманы жарқыратып, халықты қанауды тоқтатады.
Ләззат Нұрғалиқызы, экономист:
- Тез үйге ие боласыз немесе автокөлікті аласыз, пайыздық мөлшерлемелер ноль ноль бір немесе ноль екі деген сияқты осындай ғана жарнамалар тұрады да, ал оның артындағы қосымша төленетін сақтандыру бар, тағы да басқа жылдық пайыздық мөлшерлемесі бар, міне осылардың ешқайсысы айтылмады. Банк қызметкерлері қосымша табатын табыстар осыған байланысты болды. Соған қарай олар көлеңкелік жағын көрсетпей, тек қана төмен пайыз екен, оның керемет жаңағы мүмкіншілік екен, оның жылдам рәсімделетін және жылдамын алатын өніміне қол жеткізетін жағын басым айтып, соның барлығына шектеу қою.
Банк өзі берген несиенің адамдарға қалай әсер етіп жатқанын бақылап отыруы керек. Егер несиенің белгілі бір түріне шағым көбейсе, оның шарттарын қайта қарауға міндетті. Құжаттағы тағы бір маңызды норма — кепілсіз қарыз алған адамға шарттан бас тартуға мүмкіндік беріледі. Ол үшін 14 күн мерзім қарастырылған. Бұл жағдайда пайдаланылған уақытқа есептелген сыйақыдан басқа айыппұл мен өсімпұл алынбайды. Бұл ереже 2019 жылы бекітілген. Жаңа қаулыда да өз күшін сақтап қалды.
Бекзат Аманов