Түркістан облысында суғару кезеңі сәтті өтті

Биыл Түркістан облысының шаруалары суғару маусымын сәтті аяқтады. Вегетациялық кезеңде тіршілік нәрінен таршылық көрген жоқ.

«Оған себеп – ерте көктемде жауын-шашын қорының мол түсуі», - дейді мамандар. Соның арқасында өңірдегі су қоймаларында тіршілік нәрі жеткілікті көлемде жиналған. Мәселен, биыл вегетациялық кезеңге облысқа 3,8 млрд текше метр ағын су лимиті бекітілсе, бүгінгі таңда оның 3 млрд текше метр лимиті алынған. Осы су көздерінің есебінен 314 мың гектар суармалы жер ағын сумен қамтамасыз етілді. Мамандар өңірдегі ағын судың жеткілікті болуына су үнемдеу технологиясының да оң әсер еткенін айтады. Биыл су үнемдеу технологияларымен қамтылған жер көлемі 164 мың гектарға жетіп, нәтижесінде 280 млн текше метр су үнемделген. 

Нұрбол Мәмет, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы: 

- Мысалы, былтыр Шардарада осы уақытта 200 млн текше метр су қалса, қазір бізде 1,5 млрд су бар. Барлық суармалы алқап, толығымен су ішті. Тек күріш қана қалды. Қалған қосымша суды біз Қызылордаға Аралға жіберіп отырмыз. Қазір бізде қалғаны тек Шардара ауданында 3,5 мың гектар күріш алқабы егілген. Сол қыркүйек айының 15-не дейін суарылады. Жалпы толық мақта, бақша дақылдары толық суарылып бітті.

Сондай-ақ оқыңыз: