Қызылордада әлеуметтік осал отбасыларға тегін дабыл қондырғысы орнатылып жатыр

Қызылорда облысында әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйіне дабыл қондырғылары тегін орнатылып жатыр. 

Ауаға газ тарап немесе өрт тұтанған жағдайда датчиктер бірден белгі береді. Төтенше жағдайлар департаменті 5 мыңнан астам үйге бір айдың ішінде құрылғы қояды. Үйдегі пеш пен мұржа, газ және электр құрылғылары да тексеріледі. Төтеншеліктер үй-үйді аралап, өрт қауіпсіздігі ережесін түсіндіреді. Былтыр облыс бойынша 600 үйге датчик орнатылды. 

Бейбітхан Спанов, облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:

Тұрғын үйлердегі осы пештердің жылу беру маусымына алдын ала дайындалу кезінде техникалық ережелердің бұзылуынан өрт оқиғалары көп орын алып жатыр. Сонымен қатар, тұрғындардың салғырт қарауынан, жылу маусымы кезінде балалардың отпен ойнауынан және басқа да себептерден өрт туындауда. Енді статистикаға сүйенетін болсақ, жоғарыда айтып өткен 105 өрттің барлығы тұрғын секторларда, негізінен, тұрғын үйлердегі пештердің ақауынан болып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: