Жаңа цифрлық жүйе құрылады
Енді жұмыс іздеген жандар қағаз құжатын жинап, әр есікті бір қағып жүрмейді. Елімізде мамандық таңдау, жоғары оқу орнына түсу және екі қолға бір күрек тапқысы келетіндер үшін цифрлық экожүйе құрылады.
Ал Жасанды интеллект пен Big Data еңбек нарығына қандай мамандар қажет екенін алдын ала болжауға көмектеседі. Сондай-ақ қызметкерлердің кейінгі кәсіби дамуына да цифрлық сүйемелдеу көрсетілмек. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі хабарлады. Асқарбек Ертаевтың айтуынша, цифрландыру деректерді жай ғана есепке алудан тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға өтуі тиіс.