Кірістер мен мүлік декларациясын тапсыру мерзімі аяқталады

Елде кірістер мен мүлік декларациясын тапсыру науқаны жүріп жатыр. Мамандар өткен жылдың есебін 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсыру керек дейді.

Декларацияны мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары, заңды тұлғалардың басшылары мен жұбайлары тапсырады. Сонымен қатар жарғылық капиталдағы үлесі 10 пайыздан асатын заңды тұлғалардың құрылтайшылары, банктердің, сақтандыру ұйымдары мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары да есеп береді. Нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар, шетелде мүлкі және шетелдік банктерде ірі шоттары бар тұлғалар декларациядан өтуі тиіс. Жалпы декларацияны уақытылы тапсырмағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Алдымен ескерту жасалады. Бір жыл ішінде талапты бұзғандарға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ оқыңыз: