Астана әкімдігі жүлде қоры 500 мың теңгені құрайтын байқау жариялады
Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Адал еңбек» жобасы аясында еңбек адамдарының беделін арттыруға бағытталған қалалық байқау жарияланды, деп хабарлайды 24KZ елорда әкімдігіне жасап.
Байқауға БАҚ өкілдері, блогерлер, инфлюенсерлер, цифрлық контент авторлары, тәуелсіз авторлар мен мобилографтар қатыса алады. Қатысушылар жұмыстарын үш негізгі номинация бойынша ұсынады:
• «Үздік телевизиялық/бейнематериал»;
• «БАҚ-тағы үздік жарияланым»;
• «Үздік цифрлық контент/медиажоба».
Сондай-ақ «Креативті көзқарас», «Трендтегі медиаролик» және басқа да арнайы номинациялар қарастырылған.
Жүлде қоры – 500 000 теңге. Негізгі номинациялар бойынша жеңімпаздарға – 100 000 теңгеден, арнайы номинациялар бойынша – 50 000 теңгеден беріледі.
Жұмыстар 7-21 қыркүйек аралығында қабылданады.
Өтінімдер мен конкурстық материалдарды қабылдау: онлайн форматта жүзеге асырылады https://forms.gle/xi9o3L7FqZbhKFnN7.
Жеңімпаздар марапаттау рәсімі 27 қыркүйек күні өтеді.
Байқаудың мақсаты – жұмысшы және кәсіби мамандықтардың беделін арттыру, түрлі сала мамандарының ел дамуына қосқан үлесін көрсету және қоғамда адал әрі жауапты еңбек мәдениетін насихаттау.