2029 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің 40%-ын ЖИ өңдейді
Елде 2029 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің кемінде 40%-ы жасанды интеллект пен автоматтандыру арқылы көрсетіледі.
Бұл бағыттағы жұмыс Digital Qazaqstan стратегиясы аясында іске асады. Қазірдің өзінде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн форматта қолжетімді. Ұлттық жасанды интеллект платформасының ассистенттері азаматтардың 2 млн-нан астам сұранысын өңдеді. Ал eGov GPT арқылы сұранысы жоғары 51 мемлекеттік қызметті алуға болады. Сонымен қатар елде жасанды интеллект саласының мамандарын даярлау күшейтіліп, 72 мың мемлекеттік қызметкер білімін шыңдады. Цифрлық инфрақұрылымды одан әрі дамыту үшін 3 мыңнан астам ауылды жоғары жылдамдықты интернетпен қамту көзделген.
Ростислав Коняшкин, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі:
- Соңғы үш жылда бұл салаға салынған инвестиция көлемі 1 трлн теңгеден асты. Алдағы 2 жылда 3500 ауылға жоғары жылдамдықты интернет жеткізіледі. Сонымен қатар халықаралық цифрлық инфрақұрылымды да дамытып жатырмыз. Шамамен 4500 шақырым болатын өткізу қабілеті секундына 12 терабиттен асатын «Батыс – Шығыс» магистралі салынып жатыр.