БҚО-да 245 шақырым жол жөнделді 

Батыс Қазақстан облысында 245 шақырым автожолды жөндеу жұмысы аяқталды. Енді облыс орталығына баратын уақыт екі есе қысқарды. 

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында облысаралық және ауданаралық автожолдарды кең ауқымда жөндеу жөнінде міндеттер қойылған болатын. Қайта жаңғыртылған күре жол Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстырады әрі көрші Ресей шекарасы бағытына шығуға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, тауарлар мен жүк тасымалы артып, қозғалыс қарқыны артады. Ел Үкіметі бұл автожолдарды жаңғыртуға 81,7 млрд теңге инвестиция салынғанын хабарлады. 

Сырым Хамзин, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Осы жобаның аясында 245 шақырым толық асфальтты негізбен қамтамасыз етілді. Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы үш аудан орталығы және ауылдарымен бірлесіп облыс орталығына бұрын 12-14 сағатта жететін болатын. Қазіргі таңда жобаның аясында 5 және 6 сағаттың шамасында облыс орталығына жету қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ оқыңыз: