Петропавлда ежелгі мүйізтұмсықтың қаңқасы табылды 

Петропавл қаласының маңындағы карьерлердің бірінен ежелгі мүйізтұмсықтың қаңқасы табылды.

Ғалымдардың мәліметінше, бұл – 15 мың жыл бұрын жоғарғы палеолит дәуірінде өмір сүрген қалың түкті жануар. Жұмысшылар қазба кезінде сүтқоректінің бас сүйегі, аяғы, омыртқасы, құйымшағы мен жауырын бөліктерін алып шыққан. Зерттеушілер қазбаны жалғастырып, қаңқаның қалған бөліктерін іздеп жатыр. Алып жануардың салмағы бір тоннаға шамалас болған. Археологтардың олжасы Солтүстік Қазақстанның ежелдегі фаунасы туралы ұғымды кеңейтеді. Бұған дейін аймақта төрт жерден мамонт қаңқалары табылған еді. Алайда қазба орындары әлі толық зерттелмеген. 

Анатолий Плешаков, археолог:

- Алып жануарлар біздің өлкені мұз дәуірінде мекен еткен. Ол кездерде бұл жерде теңіз болған. Су қайта бастағанда мамонт, бизон, түкті мүйізтұмсық сияқты сүт қоректілердің қаңқалары қалып қойған. Әлбетте, бұл аймақтар терең зерттеуді қажет етеді. Егер толық сақталған қаңқалар табылып қалса, керемет ғылыми сенсация болар еді.

Сондай-ақ оқыңыз: