Қазақстанның БРИКС аясындағы тауар айналымы $72 млрд-қа жуықтады
Қазақстанның БРИКС-қа мүше және серіктес елдермен тауар айналымы 72 млрд долларға жуықтады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев саммитте айтты.
Мемлекет басшысы еліміз Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі төрағасы ретінде БРИКС-пен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді және Үндістанмен еркін сауда туралы келісім жасасуды құптайтынын жеткізді. «Біздің ойымызша, энергетика, аса маңызды минералдар және ауыл шаруашылығы салаларында өнімді терең өңдеу бойынша серіктестікті дамытуға мүмкіндік мол», - деді Президент.