Ақмола облысында мопед мінген жасөспірімдер қауіп төндірді
Ақмола облысында бірінің үстіне бірі мінгесіп алып, мопед жүргізген бозбалалар анықталды, деп хабарлайды «24KZ».
Полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімдер жол қауіпсіздігі талаптарын бұзып, қауіпті трюктер жасаған, осылайша өздерінің және өзгелердің қауіпсіздігіне қатер төндірген.
«Осы факт бойынша 18 жастағы жүргізушіге қатысты мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз көлік құралын басқарғаны, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын және жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік іс жүргізулер жасалды. 17 жастағы жасөспірімге қатысты жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік іс жүргізілді. Мопедтерге арналған құжаттар бар болды. Жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды», - делінген ПД хабарламасында.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз