Маңғыстау облысында мұнай ұрлағандар ұсталды

Фото: ЖИ

Маңғыстау облысының полицейлері Жаңаөзенде мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын анықтады. Жедел іс-шара барысында күдікті ұсталып, төрт тонналық ыдыс тәркіленді, деп хабарлайды «24KZ»

Операцияны полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен арнайы бөлімше қызметкерлері бірлесіп жүргізген.

Рауан шағынауданындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан жеке базаны тінту кезінде мұнай өнімдері құйылған төрт тонналық ыдыс табылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тәркіленген мұнай өнімдерінің шығу тегі мен оқиғаның өзге де мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: