Абай облысында алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан 16 дерек анықталды
Абай облысында алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 16 дерегі анықталды, деп хабарлайды«24KZ».
Аудан аумағында алкоголь саудасымен айналысатын 149 нысан жұмыс істейді. Тексеру нәтижесінде белгіленген тәртіпті бұзған кәсіпкерлер анықталып, барлық кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар, қадағалау ведомствосы кәсіпкерлердің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оларға алкоголь өнімдерін тыйым салынған уақытта және заң талаптарын бұза отырып сатқаны үшін қатаң жауаптылық бар екені ескертілді.
Прокурорлардың бұл бағыттағы жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.