Астанадағы ақылы автотұрақтар толықтай мемлекет меншігіне өтті
Енді оған ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Әкімдіктің баспасөз қызметі төлем жасауға арналған жаңа мобильді қосымша мен UIMS Parking веб-порталы іске қосылғанын хабарлады.
Алайда қазіргі барлық жеңілдіктер мен бұрын рәсімделген абонементтер сақталып, жаңа жүйеге көшірілді. Қайтадан құжат тапсырудың қажеті жоқ. Оған қоса шоттағы қаражат та өзгермейді. Жүргізушілер бұрыңғы тәсілмен немесе ақпараттық тақталардағы QR-кодтармен төлем жасай береді. Айта кетейік, 2025 жылы ақпанда Жеңіс Қасымбек ақылы автотұрақтарды басқаратын жекеменшік мекемемен келісімшарт бұзылатынын хабарлаған. «Астананың автотұрақ кеңістігі» компаниясы нарықта 11 жылдан астам уақыт жұмыс істеді.