Павлодарда пайдаланылмаған жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды
Павлодар облысында жер учаскелерін беру барысында заңдылықты өрескел бұзу, сондай-ақ оларды нысаналы мақсаты бойынша ұзақ уақыт пайдаланбау фактілері анықталды, деп хабарлайды «24KZ».
Табиғат қорғау прокуратурасы жер пайдалану саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жасады.
Атап айтқанда, Жер кодексінің 65-бабын бұза отырып, Екібастұз өңірінде жеке орман өсіру үшін берілген 797 гектар учаскеде ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілген жоқ.
Тереңкөл және Аққулы аудандарында су айдындарын бекітудің белгіленген тәртібі тұрғысынан алғанда, Су кодексінің талаптары бойынша міндетті келісу болмаған кезде 3-ші тұлғаларға ауданы 820 га балық шаруашылығын жүргізу үшін су қорының жерлері берілді.
Табиғат қорғау прокуратурасы анықталған бұзушылықтар бойынша уәкілетті органдарға қадағалау актісі енгізілді.
Ауданы 1600 гектардан асатын және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кадастрлық құны 1 млрд теңгеге жуық жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, кінәлі лауазымды тұлғалар, оның ішінде Жер қатынастары бөлімдерінің басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз