91 млн теңге: Ақтөбе облысында заңсыз субсидия алған кооператив басшысы сотталды
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының прокуратурасы аса ірі мөлшерде субсидияларды алаяқтық жолмен заңсыз алу фактілерін анықтады, деп хабарлайды «24KZ».
«Томирис-2019», «Мартук-2030» және «Тенге-2030» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің басшысы Д.Құсмағамбетова 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде пайдакүнемдік мақсатта көрінеу жалған мәліметтерді енгізу арқылы алаяқтық жолмен субсидияларды заңсыз алған, соның салдарынан мемлекетке аса ірі мөлшерде 91 млн теңгеден астам залал келтірілген.
Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша қылмыстық істер тіркеліп, тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін Құсмағамбетова сотқа берілді.
Мәртөк аудандық сотының үкімімен Д.Құсмағамбетова кінәлі деп танылып, коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталған адамның кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазаны өтеу кейінге қалдырылды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз