Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан төрт қостанайлық тұрғын жауапқа тартылды

Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Қостанай облысының төрт тұрғыны жауапқа тартылды. Олардың әрқайсысына сот шешімі бойынша 86 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары осындай құқық бұзушылықты әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг арқылы анықтайды.    

Мақсұт Ералиев, Қостанай облыстық ПД басқармасының бастығы:

- Полиция қызметкерлері «Заң және тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып, интернет-кеңістіктегі құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізеді. Анықталған адамдар бірден полиция бөлімшесіне жеткізілді. Сот материалдарын қарау нәтижесінде олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалды.

Сондай-ақ оқыңыз: