Баянауылда өрт ошақтары оқшауланды

Баянауылда бір тәулік бұрын тұтанған өрт ошақтары оқшауланды. Қазір бықсыған жерлерді толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. 

Өрт Жаңатілек ауылдық округі мен Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында болды. Төтенше жағдай қызметкерлеріне таулы жерлерге жету қиындық тудырды. Әрі желдің екпіні үдеп, қызыл жалын өрши түскен. Өрт шыққан жерде 100-ге жуық адам мен 35 техника және екі тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Құзырлы органдардың жұмысын үйлестіру үшін жедел штаб құрылды. Келген шығын мен өртенген аумақтың жалпы көлемі анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: