Қарағанды облысында жол құрылысы қарқын алды
Жолдар да жаңарып жатыр. Қарағанды мен Жезқазғанның арасына қос қатар жол түседі. Жалпы республикалық маңыздағы жаңа автожолдың ұзындығы – 457 шақырым. Оның 122 шақырымы Қарағанды облысының аумағынан өтеді.
Екінші техникалық санаттағы қос жолақты трасса қолданыстағы ескі жолдың жанынан салынып жатыр. Бұл жол – орталық, солтүстік және оңтүстік өңірлер арасындағы көлік байланысын жақсартады. Жол қысқарады. Құрылыс 2029 жылы аяқталады.
Нұрсұлтан Елемесов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ҚОФ директорының орынбасары:
- Бізде құрылыс маусымы мұнымен аяқталмайды. Қыста материалдарды дайындау жұмыстары жүргізіледі. Темірбетон бұйымдарын өндіретін зауыттармен келісімшарттар жасалады. Сондай-ақ келесі жылға қажетті инертті материалдар дайындалады. Мердігерлік компаниялар техникаларын жөндейді.