TikTok-та балағат сөздер айтып, алкоголь ішкен 53 жастағы әйел 5 тәулікке қамалды

кадр бейнежазбадан

Абай облысында әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізіп, балағат сөздер айтқан қала тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды«24KZ». 

Эфир барысында әйел адам былапыт сөздер айтып, алкогольдік ішімдік ішіп отырғанын әдейі көрсеткен және айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Айта кетейік, бұл эфирді шамамен 12 мың адам тамашалаған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп бұзушының жеке басы жедел анықталды. Ол Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сот шешімімен азаматша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құқық қорғау органдары «Әлеуметтік желілер - заң бұзушылыққа жол берілетін кеңістік емес, әрбір заң бұзушылыққа тиісті құқықтық баға беріледі» деп еске салады. Полиция азаматтарды интернет кеңістігінде де әдеп нормаларын сақтап, «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң ұстануға шақырады. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыз: