БҚО-да өрт сөндіру кезінде құтқарушы қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында қызметтік міндетін өтеп, өрт сөндіріп жүрген өрт сөндіруші жазым болып, күтпеген жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ». 

Оқиға Тау ауылдық округінің аумағында болды. Өрт сөндіру бөлімінің взвод командирі Миршат Халиуллин көліктің астында қалып қойған. Көлікті әріптесі жүргізген.

«3 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы «Татран» қыстауы маңында қураған шөп өртенді. Өртті сөндіру барысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде департамент қызметкері қаза тапты. Департамент ұжымы қайтыс болған қызметкердің отбасына жерлеу рәсімін ұйымдастыруға және басқа қажетті көмек көрсетілді. Төтенше жағдайлар министрлігі қаза болған әрбір қызметкердің еңбегі мен ерлігін жоғары бағалайды және олардың есімдері әрдайым құрметпен еске алады», – делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Ал марқұм өрт сөндірушінің туысы Алтай Бақтығалиев қаза тапқан бауырына арнап ерекше жазба жариялады. 

Арнайы оқу орнын тәмамдап, Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен өтеді. Ұзынкөл ауылдық округі әкімі аппаратының статист қызметін атқарды. Одан кейін аудандық өрт сөндіру бөліміне жұмысқа орналасып, өмірінің соңғы сәтіне дейін өз міндетіне адалдықпен қызмет етті. Миршаттың мінезі қарапайым, жүрегі таза, адамға жамандық ойламайтын, айналасына сыйлы азамат еді. Ол өзінің адамгершілігімен, еңбекқорлығымен және қарапайым болмысымен көпшіліктің есінде қалды. Өрт сөндіруші — жай ғана маман емес. Ол өзгелер қауіптен қашқан сәтте, қауіптің ішіне кіретін адам. Өз өмірін қатерге тігіп, өзгенің өмірі мен дүние-мүлкін, табиғатты, елді мекендерді қорғау — оның күнделікті қызметі. Марқұм Миршат та сол міндетін атқарып жүріп өмірден өтті. Ол өзінің жеке мүлкін емес, еліміздің кең байтақ жерін өрттен қорғауға шықты. Өзінің амандығын емес, халықтың қауіпсіздігін ойлап қызмет етті. Сондықтан оның қазасын «бір жас жігіттің қайғылы өлімі» деп қана қабылдауға болмайды. Оның ел үшін атқарған қызметі мен ерлігі ұмытылмауы керек, — деп жазды ол. 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Сондай-ақ оқыңыз: