Елде инвестиция тарту жүйесі жаңғыртылады

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жиында инвесторлармен өзара іс-қимылды күшейту мәселелері талқыланды. Яғни жоба іріктеуден өткен соң, оларды іске қосуға, кеңейтуге және қосымша қаржы тартуға қолдау көрсету тетіктері қаралды. Құжаттарды рәсімдеу мерзімі қысқарып, жобаларды жүзеге асыру жеделдетіледі. 

Басқосуда өндірісті кеңейтіп, өнімді экспортқа шығару түйткілдері де қаузалды. Бұдан бөлек, инвесторлар мен мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдететін цифрлық құралдар енгізіледі. Отырыста сыртқы контурдағы белсенді инвестициялық саясат мәселелері де сөз болды.

Жиын қорытындысы бойынша Ұлттық экономика министрлігіне инвестиция тарту жүйесін жетілдіру жөніндегі нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыз: