Шымкентте әйелін балаларының көзінше соққыға жыққан ер адам қамауға алынды
Шымкентте әйелін балаларының көзінше қан-жоса етіп, аяусыз соққыға жыққан ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды «24KZ».
Қалалық Полиция департаменті оқиғаға байланысты ресми хабарлама жариялады.
Шымкент қаласының полиция қызметкерлері әйелін аяусыз ұрды деген күдікпен Түркістан облысының 25 жастағы тұрғынын ұстады.
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған оқиғаның 16 қыркүйекте түнгі уақытта Шымкент қаласының аумағында болғаны анықталды. Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында», - делінген ПД хабарламасында.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз