Астаналық әйелдің саусағы балмұздақ аппаратына қысылып қалды

Астаналық құтқарушыларға ерекше шақырту түсті: дүкендердің бірінде қыздың саусағы балмұздақ дайындайтын аппаратқа қысылып қалған, деп хабарлайды «24KZ».

Оқиға туралы хабарлама 112 пультіне түскен. ТЖМ мәліметінше, оқиға Нұра ауданындағы дүкендердің бірінде болған.

Оқиға орнына құтқарушылар жетті. Қыздың саусағын шығару үшін оларға электрлік құралдың көмегімен аппараттың конструкциясын кесуге тура келген.

Осыдан кейін қыз қолын шығарып алды. Оған медициналық көмек қажет болмады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз  

Сондай-ақ оқыңыз: