Павлодар облысында 1600 гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Павлодар облысында 1 мың 600 жүз гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды.

Кадастрлық құны шамамен бір миллиард теңге болатын төрт жер учаскесі мақсатсыз пайдаланылып келген. Аталған заң бұзушылықтарды өңірдің табиғат қорғау прокуратурасы анықтаған. Тексеру нәтижелері бойынша қадағалау актісі енгізіліп, заң бұзушылықтармен берілген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал оған жол берген лауазымды тұлғалар, оның ішінде жер қатынастары бөлімдерінің басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алмас Әбішев, Павлодар облысы  мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры:

- Екібастұзда орман өсіру мақсатында берілген аумағы жеті жүз гектардан асатын жер учаскесінде іс жүзінде ағаш егу жұмыстары жүргізілмеген. Аққулы және Тереңкөл аудандарында балық шаруашылығын жүргізу үшін берілген жалпы аумағы 800 гектардан асатын жер учаскелерінде су инспекциясының міндетті келісімі болмаған.

Сондай-ақ оқыңыз: