Павлодар облысында ұрланған 200 бас мал иелеріне қайтарылды

Павлодар облысында мал ұрлығы ушығып барады.

Жыл басынан бері өңірде аталған қылмыстың 21 дерегі ашылып, тоғыз қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Ұрланған 200-ден астам мал иелеріне қайтарылды. Қазір полиция әрбір оқиға бойынша тергеу жүргізіп, ұрлыққа қатысы бар адамдарды анықтап жатыр. Негізгі мақсат – кінәлілерді жауапқа тартып, қолды болған малды иелеріне қайтару. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін облыс жолдарында 10 полиция бекеті қойылды. "Мал ұрлығы" шарасы кезінде полицейлер ветеринар мамандармен бірге сауда орындары мен мал тасымалдайтын көліктерді тексереді. Олар көліктегі мал мен ет өнімдерінің құжаттарын қарайды. Сондай-ақ жануарлардың арнайы сырғасы мен еттің ветеринарлық таңбасы бар-жоғын анықтайды.

Дархан Қуат, Павлодар қаласы полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

- Қала сыртындағы тас жолдарда сондай-ақ кіреберіс жолдарда 10 жылжымалы бекет қойылды. Ол жерде автокөлік құралдары тексеріліп, ветеринарлық ілеспе құжаттар салыстырылып, жануарлардың сырғалары мен таңбалары тексерілді. Қатарлас рейдтер жаппай сауда орталықтарында, базарларда өтіп жатыр. Рейд нәтижесінде екі заң бұзушылық ветеринария саласы бойынша анықталды, қазіргі таңда материалдар құзыреттілігі бойынша тиісті органдарға жолданды.

Сондай-ақ оқыңыз: