Газ өңдеу зауытына айыппұл салынды

Жаңаөзен қаласындағы газ өңдеу зауытына 2,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Экологтар жоспарлы тексеру кезінде бірнеше заңбұзушылықты анықтады. Уәкілетті орган өкілінің мәліметінше, кәсіпорын аумағында өмірге қауіпті қалдықтарды бөлек жинау талаптары сақталмаған. Сондай-ақ кейбір өндірістік материалдардың арнайы орынға қойылмағаны белгілі болды. Осыған байланысты зауыт басшылығына кемшілікті жою туралы нұсқама беріліп, заңның үш бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Айдос Жүсіпов, Экология департаменті басшысының орынбасары:

- Экологиялық заңбұзушылықтарға келетін болсақ, яғни қауіпті қалдықтарды жинақтау кезінде талаптарды сақтамағандығы анықталды. Яғни ол қауіпті қалдықтар мен қауіпсіз қалдықтар бірімен бірі араласқандығы, сонымен қатар оларды қадағалау жұмыстары толыққанды атқарылмағандығы белгілі болды. Қазіргі таңда айыппұл толығымен өндірілді. Сонымен қатар біздің берілген нұсқама да қалпына келтірілді қазір.

Сондай-ақ оқыңыз: