Түн тыныштығын бұзғандар жазаланды

Түн тыныштығын бұзатын тұрғындар азаймай тұр. Бұл мәселе әсіресе алып қалаларда өзекті. 

Жыл басынан бері 46 мың астаналық беймезгіл уақытта шу шығарғаны үшін жауапкершілікте тартылған. Оның ішінде 168 мотоцикл жүргізушісі бар. Мұны Әкімшілік полиция басқармасының өкілдері мәлімдеді. Күні кеше қала көшелерінде арнайы рейд жүргізілді. 46 адам тәртіпке бағынбағаны үшін айыппұл арқалады. Ал 524 азамат жол ережесін бұзғаны үшін  жазаланды. 

Махамбет Төлешов, Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Жол қолғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бүгін арнайы рейд шаралары өткізіліп жатыр. Осыған 30 астам экипаж жұмылдырылды. Басты мақсатымыз – осы әсіресе мотокөлік жүргізушілерінің бұзушылыққа жол бермеу. Бұл рейд – бір күндік жұмыс емес, күнделікті жұмыс. Қабылданып отырған шаралардың негізінде апаттар саны төмендеді деуге болады. Мәселен, былтыр 280 астам жол-көлік оқиғасы тіркелген, мотокөліктің қатысуымен биыл бұл көрсеткіш 30-ға дейін азайды.

Сондай-ақ оқыңыз: