Астанадағы UNICEF қайырымдылық жарысына 2 мыңнан астам адам қатысты

БҰҰ балалар қорының Астанада ұйымдастырған қайырымдылық жарысына 2 мыңнан астам адам қатысты. 

Жарыс жолына шыққан кәсіби және әуесқой споршылар 5 және 10 шақырым, ал 7-15 жас аралығындағы балалар 2 шақырым қашықтыққа жүгірді. Игі іс-шарадан түскен қаражат елдегі өскелең ұрпақ үшін инклюзивті қоғам қалыптастыру жобасына жұмсалады. Мұндай спорттық бастамалар әлемнің басқа да ірі қалаларында өтіп тұрады. Астана да игі істен қалыс қалмады. Қайырымдылық шарасы бас қалада жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

Жанайым Аханова, UNICEF Charity Run жарысына қатысушы:

- Мен биыл мамыр айынан бастадым Half Marathon болған кезде ең алғаш рет 10 км жүгірген болатынмын. Бұл – менің үшінші марафоным. Мен соңғы 2 жылда Бостон қаласында өмір сүрдім. Ол жақта мұндай марафондар жылда өтеді. Сол жерде мотивация алдым. Ендігі мақсатым – 21 км-ге жету. Содан кейін Full Marathon 42 км-ге жету. Бүгінгі іс-шараның мақсаты – әрбір баланы қолдау. Менің әрбір марафонға қатысқаным өзімнің жеке жетістігім және ұйымдастырылып жатқан әр іс-шараға Қазақстан азаматы ретінде атсалысу деп ойлаймын.

Сондай-ақ оқыңыз: