Алматы әлемдік туристік картаға шығады

Фото: gov.kz

Алматының туристік әлеуеті шетелде ілгерілетіледі. Қаланың Туризм басқармасы Turkish Airlines әуе компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды 24KZ.

Құжат аясында Алматыны халықаралық нарықтарда бірлесіп таныстыру және туристер тартуға бағытталған маркетингтік науқандар өткізу жоспарланып отыр.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – Turkish Airlines-тың Ыстанбұл арқылы Еуропа, Солтүстік Америка, Таяу Шығыс, Африка және басқа өңірлермен байланыстыратын әуе желісін пайдалану.

Қазір әуе компаниясы 133 елдегі 351 қала мен 358 әуежайға рейс орындайды. Алматы мен Ыстанбұл арасында аптасына 21 рейске дейін қатынайды.

2025 жылы Түркиядан Алматыға 36 954 турист келген. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан жоғары.

Меморандум қалаға Алматыны халықаралық деңгейде ілгерілету географиясын кеңейтіп, түрлі елдерден туристер тартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз: