ШҚО-да ауыл тұрғындары баспанамен қамтылады

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында баспанаға мұқтаж 86 отбасыға үй беріледі. Көпбалалы және аз қамтылған жанұяларға арнап қоспәтерлі 43 үй салынып жатыр.

Климаттық жағдайды ескере отырып, жаңа үйлердің қабырғалары жылу сақтағыш материалдармен қапталған. Одан бөлек, ауданның тұрғын үй қорының жай-күйі тексеріліп жатыр. Нәтижесінде 50-60 жыл бұрын салынған екі қабатты үйлердің қасбеті жаңартылып, есік-терезелері ауыстырылады

Думан Советбеков, аудандық Сәулет, құрылыс және автомобиль жолдары мен жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы:

- Қазіргі таңда кезекте 470 адам тұр. Биыл 86 отбасыға үй беру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 10 пәтер салынып, дайын болды. Құжаттар «Отбасы банкке» тапсырылып, үйлерді бөлу процесі басталды.

Сондай-ақ оқыңыз: