ШҚО-да әлеуметтік нысандар салынады
Елде алдағы үш жылда әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге жұмсалады. Шығыс Қазақстан облысында да жаңа нысандар салынады, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл туралы Глубокое ауданына барған Құрылтай депутаттары айтты. Құрамында сала министрлігінің өкілдері бар жұмыс тобы өңірге Президент Жолдауын түсіндіру мақсатында барды. Жиында бірқатар түйткілді мәселе көтерілді. Мысалы, Опытное поле ауылындағы мектепте орын тапшылығы бар. Балабақша және мәдени ұйымдар жетіспейді. Медициналық бекет те қажет. Кейінгі жылдары ауданда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 6 емдеу мекемесі қолданысқа берілді. Тағы 14 елді мекенде емхана жетіспейді. Сондықтан алдағы уақытта өңірде бірқатар әлеуметтік нысан салу жоспарда тұр.
Ерлан Сайыр, Құрылтай депутаты:
– Менің ойымша, келесі жылдағы жаппай құрылыс жылының аясында бұл мәселенің барлығын шешу керек. Денсаулық сақтау министрлігі осының алдында мына аймақтарда болған осы медициналық пункттерде модернизация жасау жөніндегі бағдарламасын қайтадан қолға алу керек деп ойлаймыз. Бұл мәселені біз Құрылтайда көтеретін боламыз.