Алматы тұрғындары LRT құрылысы жайлы пікір білдірді

Алматылықтардың осы LRT құрылысына пікірі қандай? Жеңіл рельсті көліктен қандай үміт күтеді? Соған назар аударайық.

- Ол жаман шығындыларды шығармайды. Себебі ол – тоқпен жүретін дүние. Сондықтан LRT Алматы қаласы үшін, әсіресе алматылықтар үшін өте қажетті дүние.

- LRT-ның бізге пайдасы көп. Себебі бір жағынан кептеліс азаяды. Бір жағынан экология жағынан пайдасы тиеді.

- Қазіргі таңда автобустарда адамдар көп. Біреу сыйса, біреу сыймайды. Әсіресе LRT таңғы уақыттағы кептелісті азайтады.

- Қазіргі уақытта LRT жұмыстары жүріп жатқаннан кейін кептеліс болуы мүмкін. Бірақ жоба толықтай іске қосылғаннан кейін қаламыздың көркеюіне және кептелістердің азаюына өте көп үлес қосады деп ойлаймын.

Сондай-ақ оқыңыз: