Қостанай облысындағы телефон байланысы полиция бақылауында
Ал қостанайлық киберполиция қызметкерлері арнайы жүйе арқылы күмәнді телефон соғушылар мен хабарлама жіберушілерді бақылауға алды.
Жарты жыл бұрын еңгізілген бағдарлама арқасында тәртіп сақшылары күніне 150-ге жуық қоңырауды бұғаттайды. Арнайы жүйе күмәнді адамның кімге хабарласқандығын тез анықтауға мүмкіндік береді. Жедел топ лезде сол мекенжайға барып, мән-жайды түсіндіреді. Сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын-алу мақсатында такси көліктерінде арнайы планшеттер орнатылды. Онда заңсыз жолмен ақша тапқысы келетіндердің айла-амалдары туралы бейнероликтер көрсетіледі. Осындай іс-шаралардың нәтижесінде өңірде киберқылмыс саны біршама азайған.
Бекназар Майленов, облыстық Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:
- Шаршап жұмыстан шыққан уақыттарда хабарласады. Адам енді қоңырау шалған уақытта қатты мән бермей, СМС кодты айтып қоятын жағдайлар сонда кездеседі. Бізде күніне 100-ге жуық, 150-ге жуық хабарламалар түседі. Яғни сол уақытында дер кезінде ұстап қалып, алдын алу шараларын жүргіземіз.