Астанада велосипедтерді жалға беру маусымы 1 қазан түні аяқталады
30 қыркүйекте қалалық велосипедтерді жалға беру маусымы ресми түрде аяқталады, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Барлық станциядағы велосипедтер 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған түні сағат 00:00–де бұғатталады. Осыдан кейін велосипедтерді жалға алу мүмкін болмайды, — делінген хабарламада.
Ведомство атап өткендей, абоненттік төлем келесі маусымға сақталмайды, тек теңгерімдегі қаражат келесі маусымға ауыстырылады.
Қаласаңыз, теңгерімде қалған қаражатты Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы CTS Орталық кассасынан қайтарып алуға болады, — делінген хабарламада.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз