Қазақстан Азия банкімен ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан Азия банкінен 6 млрд доллар қаржы тартпақ. Тиісті заң жобасы бүгін Құрылтай отырысында таныстырылды, деп хабарлайды 24KZ.

Маңызды құжатты Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырды. Айтуынша, бұл келісім қаржыландыру құралдарын кеңейтуге, басымдыққа ие жобаларға қайта бөлу арқылы бюджетке түсетін жүктемені азайтуға бағытталған. Бастама мақұлданса, елдегі бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру басталады.

Олардың қатарында «Жезқазған–Қарағанды», «Ақтөбе–Қарабұтақ–Ұлғайсын», «Атырау–Доссор» және «Мойынты–Қызылжар» автомобиль және теміржол бағыттарын жаңарту жобалары бар. Құрылтай депутатары заң жобасын бірінші және екінші оқылымда қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыз: