Жыл басынан бері тіркеусіз тұрған 47 мың адам жауапқа тартылды
Астанада жыл басынан бері тіркеусіз тұрған 47 мыңнан аса адам жауапкершілікке тартылды. Олардың 500-ден астамы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде заңнаманы қайта бұзған, деп хабарлайды 24KZ.
«Көрсеткіш былтырғыдан артқан», — дейді прокурорлар. Былтыр 33 мың адам жауапқа тартылған еді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес бас шаһарда тіркеусіз және құжатсыз тұрғандарға 20 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.