Павлодарда «Сарбаз жолы» рәсімі өтті

Жоба «Адал азамат – Сарбаз Отан қорғаушы» бастамасы шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. Негізгі міндет – әскери борышын өтеген жастарды өңірдегі кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру. Іс-шараға Қорғаныс министрлігі өкілдері, облыс басшылары, ардагерлер мен сарбаздардың ата-аналары қатысты, деп хабарлайды 24KZ.

Асқар Мұстабеков, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор:

- Бұл сарбаздарымызды әскерге шақырылған уақыттан бастап әскерден оралғанша істейтін іс-шаралар болып саналады. Соның бірі әскерге шығарып салу іс-шарасы. Бұл Павлодар облысында ғана болып жатқан жоқ. Бірнеше облыста, аудан орталықтарында да өткізіліп жатыр.

Арсен Жамбыл, әскерге шақырылушы:

Менің жасым 19-да. Әскерге бару Отан алдындағы борышым. Әкем мен анамның алдында абыройым көтерілгендей болады. Жастарға айтарым – әскерден қорықпаңыздар!

Сондай-ақ оқыңыз: