Құны 44 миллион теңге болатын 30 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

ЖИ

Жетісу облысы Қаратал ауданында жалпы кадастрлық құны 44 миллион теңгені құрайтын, аумағы 30 мың гектарға жуық пайдаланылмаған жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды «24KZ».  

Аталған аумақтардың ұзақ уақыт бойы тиісті мақсатта пайдаланылмай келгені жүргізілген талдау барысында анықталған.

Облыстық прокуратураның  мәліметінше, уәкілетті органға енгізілген акті қаралып, соның негізінде заң бұзушылықтар жойылды. Қайтарылған жерлерді алдағы уақытта шаруашылық айналымға тарту және оларды заңнама талаптарына сәйкес азаматтар мен кәсіпкерлерге қайта беру үшін тиісті жағдайлар жасалады. Жетісу облысының прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз: