Қ. Бозымбаев әскерилерді үздіксіз іздестіруді тапсырды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев әлі табылмаған әскери қызметшілерді үздіксіз іздестіруді тапсырды.

Сондай-ақ қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті материалдық және өзге де көмек көрсетіледі. Қазіргі таңда Үкіметтік комиссия Маңғыстау облысындағы төтенше жағдай болған жерде жұмысын жалғастырып жатыр. Уәкілетті органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Нақтыланған мәліметке сәйкес оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты 17 адам суға кеткен. Оның 12-сі қаза тауып, үш әскери қызметші құтқарылды. Қалған екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыз: