ШЫҰ Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Каспий теңізінде болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бейжің қаласындағы Ұйымның бас кеңсесінде Қазақстанның байрағы төмен түсірілді.