Қазақстанда Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
Күдіктіге қызметіне салғырт қарады деген айып тағылып отыр.
Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында ІІМ-нің әскери-тергеу бөлінісі қызметіне салғырт қарады деген күдікпен ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы Бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитанды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, - делінген хабарламада.
Соттың санкциясымен ол қамауға алынды.
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.