ІІМ: Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы Бас қолбасшысы қамалды
Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы Бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитаны ұсталып, қамауға алынды.
Ол Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қазасына қатысты "қызметіне салғырт қарады" деген күдікке ілінді. Қазір сотқа дейінгі тергеп тексеру жалғасып жатыр.