Каспийдегі қайғылы оқиға: іздестіру шараларына екі тікұшақ жұмылдырылды. LIVE
Каспий теңізінде кешелі бері тоқтаусыз жүріп жатқан іздестіру шараларына екі тікұшақ жұмылдырылды.
Сол аумақтан қазір тілшіміз соңғы ақпаратпен бөлісуге дайын. Тікелей байланыста Талғат Исламұлы.
Қайғылы оқиға орнына Ми-8 маркалы екі тікұшақ ұшып келді. Бортындағы арнайы белгілерге қарағанда, олардың бірі Төтенше жағдайлар министрлігіне, екіншісі Қорғаныс министрлігіне тиесілі.
Қазіргі уақытта суға кеткен екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Әзірге іздеу шаралары оң нәтиже берген жоқ.
Құтқарушылар мен тиісті қызмет өкілдері іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.