Каспийдегі оқиғаға қатысты Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары мәлімдеме жасады

Қазір қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккен әскери қызметшілерге жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр.

Үкіметтік комиссия өкілі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ербол Ізбергенов оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ол бақилық болған әскерилердің туған-туысы, жақындары мен қаруластарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. Ербол Ізбергенов үкіметтік комиссия жұмысын жалғастырып жатқанын жеткізді. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тергеу нәтижелері мен барлық ресми ақпарат қоғам назарына уақытылы жеткізілетінін де атап өтті. 

Ербол Ізбергенов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары: 

- Қазіргі уақытта құзырлы органдар тергеу жұмыстарын жүргізуде, қылмыстық іс қозғалды. Арнайы топ оқиғаның барлық мән-жайын және себеп-салдарлық байланыстарын анықтауда. Тергеу барысында болған оқиғаға қатысты барлық сұрақтарға толық жауап беріледі. Әрбір дерек мұқият тексеріліп, оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тергеу және сот нәтижесінде кінәсі анықталған тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Үкіметтік комиссия өз жұмысын жалғастыруда. Негізгі міндет – қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын объективті түрде анықтап, қажетті шаралардың барлығын қабылдау.

Сондай-ақ оқыңыз: